Жапонияда 840 мыңға жуық тауықты жою туралы шешім қабылданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаңтар айында Жапония үкіметі осы қыста құс тұмауының өршуін елде жойылған құстардың саны мен жалпы көлемі бойынша рекордтық мөлшер деп атады.
Жапонияның Ибараки префектурасында құс тұмауының өршуіне байланысты инфекция басталған фермада 840 мыңға жуық тауықты жою туралы шешім қабылданды. Бұл туралы 1 ақпанда Kyodo жазады.
Дүйсенбіде құс фабрикаларының бірінде 13 өлі тауық табылды. Талдаулар құс тұмауының бар екенін көрсетті, - деп жазады басылым.
Ибараки – осы қыста құс тұмауы вирусы анықталған Жапонияның 17-ші префектурасы. Ел билігі аурудың өршуін инфекция ошақтарының саны мен сойылған құстардың көлемі бойынша рекордтық деп атады.
Аурудың алғашқы жағдайы 2020 жылдың қарашасында тіркелген. Бүгінгі таңда бүкіл ел бойынша 40 фермада алты миллионнан астам тауық жойылды.
Зардап шеккен префектуралардың арасында тауық етін жеткізу бойынша ішкі нарықта бірінші орын алатындар да бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
13 су электр стансасын саламыз – Нұрлан Ноғаев
Өзгелердің жаңалығы