Жапонияда 5,4 балдық жер сілкінісі тіркелді
Жапонияда 5,4 балдық жер сілкінісі болып, 4 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар 24 -ке сілтеме жасап.
Зілзала ошағы Токиоға көршілес Чиба префектурасында тіркелді. Табиғат апатынан үйлердің терезелері сынып, кей ғимараттар бүлінген. Бірақ аймақ билігі ядролық нысандарға зиян келмегенін айтады. Кей өңірде теміржол қозғалысы уақытша тоқтатылған.
Жалпы Жапонияда зілзала жиі болып тұрады. Өткен жұма күні Исикава префектурасында 6,5 балдық жер сілкінісі болып, 500-ден аса үй қирап, бүлінген еді. Дүмпу кезінде 1 тұрғын көз жұмып, тағы 34 адам жарақат алды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы