1 Қараша 2026, 16:15 Фото: istockphoto.com

Жапония жағалауында қуатты жер сілкінісі болды

Жер сілкінісінің ошағы 350 шақырым тереңдікте орналасқан.

1 қараша күні таңертең Жапонияның Миэ префектурасының оңтүстік-шығыс жағалауында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі болды.

Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі мәлімдеді. 

Жапония метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:15 шамасында тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы шамамен 350 шақырым тереңдікте орналасқан.

Фукусима префектурасының жекелеген аудандарында сейсмикалық қарқындылық Жапонияның жеті балдық шкаласы бойынша 3 балға жеткен.

Жер сілкінісінің эпицентрі солтүстік ендіктің 33,7 градусы және шығыс бойлықтың 137,1 градусы координаттарында орналасқан.

Цунами қаупі туралы ескерту жарияланған жоқ.