7 Қараша 2026, 07:04
Фото: unsplash.com
Жапония жағалауында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі тіркелді
Жер сілкінісінің ошағы шамамен 10 шақырым тереңдікте орналасқан.
Жапонияның шығыс жағалауында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері Токио қаласының орталығында да сезілген, деп хабарлайды BAQ.KZ «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.
Жапония метеорологиялық агенттігінің (JMA) мәліметінше, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 19:39-да тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы шамамен 10 шақырым тереңдікте орналасқан.
Мияги, Фукусима және Ибараки префектураларының жекелеген аудандарында жер сілкінісінің қарқындылығы жапондық жеті балдық шкала бойынша үш балға жеткен.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.
Жағдайға қатысты қосымша мәліметтер күтілуде.