Жапония ұшатын мотоцикл жасап шығарды

Жапонияда бағасы 680 мың доллар тұратын ұшатын байк таныстырылды, ол сағатына 100 км жылдамдықпен жүре алады. Бұл туралы Reuters хабарлады.

XTurismo Limited Edition мотоциклі қарапайым қозғалтқыш және төрт батареяалы қозғалтқышпен қамтылған. Әуе мотоциклінің салмағы 300 келі және әуеде 40 минуттай тұра алады.

Мотоциклді жасаушылар оны көңіл көтеру үшін ғана емес, адам құтқару операцияларына да пайдалануға болатынын айтады.

Аталған жобаға Kyocera және Mitsubishi Electric сияқты компаниялар қазірден инвестиция құюды бастаған. 

Мұндай мотоциклдер 2022 жылдың бірінші жартысында шыға бастайды. Өндірістің күші жылына 200 аппарат шығаруға қауқарлы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы