Жапония үкіметі отставкаға кетті

Жапония үкіметі толық құраммен отставкаға кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 РИА-Новости агенттігі таратқан мәліметке сүйенсек, министрлер кабинетінің арнайы отырысынан соң осындай шешім қабылданған. Жақын арада премьер-министр Фумио Кисиданың төрағалығымен Жапония үкіметі жаңа құрамын таныстырады. 

Бастапқыда өзгерістер қыркүйек айының басына жоспарланған. Фумио «жаңа капитализмнің» экономикалық тұжырымдамасын жылдамдату үшін қазір өткізгісі келген. 

Үкімет басшысы азық-түлік пен отынның бағасы өсуі себепті шара қолдану қажет деп есептейді. Оның пікірінше, парламент сессиясына ертерек дайындалу керек.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы