6 Қыркүйек 2025 2025, 08:10
Фото: X/themainichi
Жапония тұрғындары тайфуннан зардап шекті
Қыркүйектің 5-і күні Жапонияның Сидзуока аймағындағы үйлер мен ғимараттар тайфун салдарынан ішінара немесе толығымен қирап қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қыркүйектің 5-і күні Жапонияның Сидзуока аймағындағы үйлер мен ғимараттар тайфун салдарынан ішінара немесе толығымен қирап қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Japan Today атап өткендей, префектураның төрт қаласы мен елді мекенінде құрбандар тіркелді. Сондай-ақ екпінді желдің салдарынан бірнеше көлік аударылып қалды. Электр желілері зақымдалып, 15 мыңға жуық үй жарықсыз қалды.
Тайфун мен оның салдарынан болған нөсер жаңбыры да аймақтағы автомобиль және теміржол қозғалысының үзілуіне әкелді.