Жапония тарихында тұңғыш рет әйел премьер-министр болады
64 жастағы Санае Такаити Жапонияның басқарушы либерал-демократиялық партиясының (ЛДП) жаңа көшбасшысы болып сайланды. Бұл оған ел тарихындағы алғашқы әйел премьер-министр атануға жол ашады, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
Парламент оның кандидатурасын мақұлдағаннан кейін Такаити ресми түрде қызметіне кіріседі.
ЛДП төрағалығына бес кандидат таласқан сайлауда Такаити жеңіске жетіп, жақында отставкаға кететін Премьер-министр Шигеру Исибаның орнына келеді. Ол 1993 жылдан бері саясатта жүрген тәжірибелі қайраткер, түрлі министрліктерді басқарған.
Консервативті көзқарастарымен белгілі Такаити Жапония Конституциясын қайта қарауды, армияны күшейтуді қолдайды. Сондай-ақ салықтарды төмендету, стратегиялық салаларды қолдау сияқты экономикалық бастамаларды ұсынуда.
Парламенттің кезектен тыс сессиясында оның кандидатурасы қазан айының ортасында бекітіледі деп күтілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы