Жапония Ресейге қарсы санкцияларды кеңейтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Жапония Ресейге қарсы санкцияларды кеңейтіп, осы елдің тағы 15 азаматы мен 9 ұйымына шектеулер енгізді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қара тізімге Ресей Сыртқы істер істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова, Қорғаныс министрінің орынбасарлары және өзге де лауазымды тұлғалармен бірге «Ресей Қорғаныс экспорты», «Ресей тікұшақтары», «Ресей мұнай-аэро» сынды кәсіпорындар кірген.
Шешімге сай бұл азаматтар мен ұйымдардың активтері бұғатталады. Токио бұған дейін де Ресейге бірнеше санкция салған.
Австралия билігі де Ресейге қарсы жаңа санкциялар салды. Бұл жолы шектеу шаралары Ресейдің 11 банкі мен бірқатар мемлекеттік мекемесіне және бірнеше олигархы мен олардың туыстарына енгізілді.
Олардың қатарында Ресейдің «Ұлттық әл-ауқат қоры», Қаржы министрлігі, «Сбербанк», «Газпромбанк» және тағы басқа ұйымдар бар. Австралия Сыртқы істер министрі Марис Пейннің мәлімдеуінше, Ресейдегі барлық банктік активтердің 80 проценті осы банктерде шоғырланған.