Жапония премьері халық алдына шыққанда жарылыс болды

Вакаяма қаласында Жапония премьер-министрі Фумио Кисида сөйлейтін жердің қасында жарылыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Риа Новостиге сілтеме жасап.

NHK мәліметіне сәйкес, үкімет басшысы эвакуацияланған.

Премьер-министр Фумио Кисида таңғы сағат 11:30-да Вакаяма қаласындағы Сайгасаки балық аулау портын тексеруді аяқтап, көпшілік алдында сөз сөйлеуі керек еді. Бірақ оның алдында қатты жарылыс естілді, - делінген хабарламада.

Жапония премьер-министрі Фумио Кисида зардап шеккен жоқ. Ол жоспарланған іс-шараны өткізуді тоқтатып, Вакаяма префектуралық полициясының штаб-пәтеріне кетті. Алайда кейінірек Кисида сөз сөйлеу үшін жергілікті вокзалға келді.

Куәгерлердің айтуынша, премьер-министр келген кезде беймәлім жас жігіт оның бағытына қарай «қара түсті затты» лақтырып жіберген. Осыдан кейін полицейлер ер адамды ұстаған, ал бірнеше секундтан кейін жарылыс дыбысы мен түтін шыққан.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы