8 Тамыз 2024 2024, 08:05 Фото: ашық дереккөз

Жапония Премьер-министрі Қазақстанға ресми сапармен келеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 тамыз күндері Жапония Премьер-министрі Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 тамыз күндері Жапония Премьер-министрі Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

9 тамызда Астана қаласында «Орталық Азия + Жапония» Диалогының бірінші саммиті өтеді.

10 тамыз күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жапония Премьер-министрі Фумио Кишида екіжақты келіссөздер жүргізеді деп жоспарланып отыр.