Жапония премьер-министрі мерзімінен бұрын сайлау жариялады
Жапония премьер-министрі Санаэ Такаити парламентті таратып, 8 ақпанда мерзімінен бұрын сайлау өткізетінін мәлімдеді. Бұл шешім оның қазан айында қызметке кіріскеніне үш ай ғана өткен соң қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
Такаити бұл қадамды халықтың сенімін тікелей сайлау арқылы растау қажеттілігімен түсіндірді. Оның айтуынша, үкімет әлі қоғамдық таңдаудан өтпеген.
Сауалнамаларда премьер-министрдің жеке рейтингі жоғары болғанымен, Либерал-демократиялық партияның позициясы әлсіз. Соған қарамастан, үкімет басшысы парламенттің төменгі палатасында тұрақты көпшілікке қол жеткізуді көздеп отыр.
Сайлау науқаны 27 қаңтарда басталады. Сайлау барысында сайлаушылар үкіметтің экономикалық саясаты мен өмір сүру құнына қатысты жоспарларына баға береді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бестөбеде шахтаға заңсыз кірген адамның мәйіті табылды
Өзгелердің жаңалығы