Жапония премьер-министрі Астанаға келмейтін болды
Жапония премьер-министрі Фумио Кишида елдегі жойқын жер сілкінісі салдарынан Астана сапарынан бас тартуға мәжбүр болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
The Japan Times порталының мәліметінше, Кюсю аралының ауданындағы жер сілкінісі салдарынан Жапонияның премьер-министрі Астанаға жоспарланған сапарынан бас тартуға мәжбүр болды. Себебі елді мекендегі жер сілкінісінің магнитудасы 7,2-ге жеткен.
Кишида өзінің шешімін бүгін жария етті. Жалпы Жапония премьер-министрі алдымен Қазақстанға, сосын Өзбекстан мен Моңғолияға барады деп жоспарланған еді.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 тамыз күндері Жапония премьер-министрі Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапармен келетіні хабарланды.
Бүгін Астана қаласында «Орталық Азия + Жапония» Диалогының бірінші саммиті өтеді.
Ал 10 тамыз күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жапония Премьер-министрі Фумио Кишида екіжақты келіссөздер жүргізеді деп жоспарланған болатын.