Жапония Олимпиада өткізудің шартын атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ келесі жазда Токиода 2020 жылғы Олимпиада ойындарын өткізудің шартын атады. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Оның айтуынша, жарыс коронавирус пандемиясын жеңген жағдайда ғана өтеді, әйтпесе көрермен мен спортшылар өздерін қауіпсіз сезіне алмайды. Синдзо Абэ ойынды ұйымдастыруда оған дейін коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмек пен вакцинаның табылуы үлкен көмек болатынын айтты.

28 сәуірде ұйымдастыру комитеті 2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының толықтай тоқтатылғанын мәлімдеді. 24 наурызда Токиода өтетін 2020 жылғы Олимпиада ойындары коронавирус пандемиясына байланысты бір жылға кейінге шегерілетіні белгілі болған еді. Жарысты кейінге қалдыруды Жапония үкіметі ұсынды.

26 наурызда жарысты кейінге қалдыру ұйымдастырушыларды қанша шығынға ұшырататыны туралы ақпарат пайда болды. Шығын 2,7 миллиард долларға бағаланған.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы