Жапония Олимпиада қарсаңында ТЖ режимін енгізеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапония Олимпиада қарсаңында Токио қаласында төтенше жағдай режимін енгізеді, деп хабарлайды Reuters агенттігі.
8 шілдеде ел премьері Есихидэ Суга ресми түрде осы шешімді жариялайды. Ел билігі көрермендердің Олимпиада ойындарына қатысуына тыйым салуы мүмкін. Медициналық сарапшылардың пікірінше, мұндай шешім COVID-19 індеті кезінде тиімді болмақ.COVID-19 дертімен күрес бойынша ұсыныстарға сәйкес, дене температурасы 37,5 градустан жоғары көрермендерге жарысты тамашалауға тыйым салынады.
Тағы бір жайт, ойын өтетін жерлерге тек 10 мыңдай адам кіргізіледі. Токио Олимпиадасы 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Бастапқыда ол 2020 жылдың жазында ұйымдастырылуы керек еді, бірақ пандемияға байланысты жарыс кейінге қалдырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Данияда құмнан әлемдегі ең биік қамал тұрғызылды
Өзгелердің жаңалығы