Жапония мен Кореядағы референдум учаскелері жұмысын бастады

Еліміздің шетелдегі референдум учаскелерінде атом электр станциясын құру мәселесі бойынша референдумде дауыс беру барысын жария ету жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, шетелдегі барлық референдум учаскелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумақтарында ұйымдастырылған. 

Ең бірінші болып қазақстандықтар Корея мен Жапонияда дауыс беруге мүмкіндігі бар. 

Сеулде #390 және Токиода #393 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де дауыс беру үшін бірінші болып ашылды. Шетелдегі барлық референдум учаскелерінде дауыс беру барысы туралы ақпарат біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызда жүйелі түрде берілетін болады, - деп атап өтті ведомстводан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Сыртқы істер министрлігі
Өзгелердің жаңалығы