Жапония лайнерінде коронавирус жұқтырғандар саны 70-ке жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігі жексенбі күні Йокогамада карантинде тұрған круиз кемесінде тағы алты адам коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді. Осылайша борттағы індетті жұқтырғандардың жалпы саны 70-ке жетті, деп хабарлады kyodonews.net.
Денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің мәліметіне сәйкес, 20-дан 70 жасқа дейінгі бес экипаж мүшесі мен бір жолаушының – төрт филиппиндік, америкалық пен украиндықтан өткір індет белгілері байқалмайды. Министрлік кемедегі 3700 жолаушы мен экипаж мүшелері ішіндегі індет жұқтыруы мүмкін 336 адамның анализ тапсырғанын мәлім етті.
Зерттеу нәтижесі тағы 6 жолаушының коронавирус жұқтырғанын анықтады. 50 елден жолаушылары бар кеме дүйсенбіден бері карантинде тұр. Оған жолаушылардың бірінің Гонконгта жағалауға шығып, пневмонияны тудыратын коронавирус жұқтырғаны себеп болды.
Жапонияда жаңа вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 96 адамды құрайды. Оның 10-ы Ухань қаласынан чартерлік рейстерден эвакуацияланған. Тағы 16-сы – туристер мен туристік автобустың жүргізушісі. 60 жастағы Жапония азаматы сенбі күні Ухань қаласында көз жұмды. Оған коронавирус себеп болуы мүмкін.
Жексенбі күні Гонконг портындағы бірнеше күндік карантиннен кейін 3600 жолаушы мен экипаж мүшелеріне World Dream круиздік кемесінен кетуге рұқсат берілді. Еске салсақ, бұған дейін Жапониядағы круиз лайнеріндегі 41 адамнан коронавирус анықталған болатын.