Жапония КВИ жаңа штаммы анықталған елдерден делегациялардың келуін тоқтатады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бизнес-делегациялардың кіруі туралы келісімді ел үкіметі Қытай, Корея Республикасы, Сингапур және Вьетнам билігімен жасады.

Жапония үкіметі өз аумағында коронавирустың жаңа штаммы анықталған жағдайда басқа мемлекеттердің бизнес делегацияларының елге кіруін тоқтата тұрмақ. Бұл туралы дүйсенбіде Токиода өткен баспасөз мәслихатында премьер-министр Есихидэ Суга мәлімдеді, деп жазды tass.ru.

Бизнес-делегациялардың кіруіне қатысты серіктес елдің аумағында коронавирустың жаңа штаммы анықталған жағдайда бұл процесс дереу тоқтатылады, - деді Үкімет басшысы.

Қазір Жапония үкіметі Қытай, Корея Республикасы, Сингапур және Вьетнам билігімен бизнес-делегациялардың кіруі туралы келісім жасасты.

2020 жылғы 28 желтоқсанда Жапонияда Ұлыбританиядан жаңа штамм табылуына байланысты әлемнің барлық елі мен аймағының азаматтарына кіруге және жаңа виза беруге нақты тыйым күшіне енді. Мұндай шаралар кем дегенде келесі жылдың қаңтар айының соңына дейін қолданылады. Бұл уақытта елге тек жапон азаматтары мен тұрақты тұратын және ұзақ мерзімді визалары бар шетелдіктер кіре алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы