Жапония императоры Әбсаттар Дербісәліні орденмен марапаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әбсаттар Дербісәліге "Күншығыс. Алтын шуақ" орденін Жапонияның Қазақстандағы елшісі Тацухико Касаи табыстады.
Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Әбсаттар Дербісәлі Қазақстанда жапон тілін насихаттауға және Жапония мен Қазақстан арасында өзара ынтымақтастықты дамытуға үлес қосқаны үшін марапатталды."Бүгін Жапония императорының "Күншығыс. Алтын шуақ" орденін Әбсаттар Дербісәліге табыстаймын. Жапония мен өз елінің арасындағы қарым-қатынасты дамытуға үлес қосқаны үшін бұл орденмен шетелдік азаматтар марапатталады. Әбсаттар Дербісәлі Қазақстанда жапон тілін үйренуге үлес қосқаны үшін алғысымызды білдіреміз. Бұған дейін Қазақстанда бұл орден 5 адамға табысталған", - деді Жапонияның төтенше және өкілетті елшісі.
Бұған дейін аталған орденмен Асқанбек Алданазаров (2006 ж.), Нұрсұлтан Назарбаев (2008 ж.), Олжас Сүлейменов (2017 ж.), Нұрлан Дулатбеков (2018 ж.) Төлебай Рахыпбеков (2018 ж.) марапатталған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
БАТЭ-мен кездесуге тыңғылықты дайындалдық – Антонио Рукавина
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы