Жапония Халықаралық ғарыш станциясына жаңа ұшқышсыз ғарыш кемесін жіберді
HTV–X жүк кемесі Танегасима ғарыш айлағынан H3 зымыран-тасығышының көмегімен ұшырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Kyodo агенттігінің хабарлауынша, HTV–X жаңа қуат жүйесімен жабдықталған және төмен температураны қажет ететін эксперименттік үлгілерді тасымалдауға қабілетті.
Кеме Халықаралық ғарыш станциясына 30 қазанда жетеді деп күтілуде. Ол станцияда алты ай бойы жұмыс істеп, кейін тағы үш ай орбитада қалып, сынақтар өткізеді.
Жапонияның аэроғарыштық зерттеулер агенттігі (JAXA) мәліметінше, HTV–X шамамен 6 тонна жүк таси алады. Бұл көрсеткіш оның алдындағы Kounotori кемесінің мүмкіндігінен 1,5 есе көп.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Цифрландыру: Мемлекеттік қызметтердің үлесі 90 пайыздан асты
Өзгелердің жаңалығы