8 Шілде 2024 2024, 07:40 Фото: freepik.com

Жапония Филиппинмен әскери келісімге қол қойды

Жапония мен Филиппин бірлескен әскери оқу-жаттығу жүргізу үшіе Филиппинге жапон әскерін орналастыруға рұқсат беретін негізгі қорғаныс пактіне қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жапония мен Филиппин бірлескен әскери оқу-жаттығу жүргізу үшіе Филиппинге жапон әскерін орналастыруға рұқсат беретін негізгі қорғаныс пактіне қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Associated Press агенттігінің мәліметінше, өзара қолжетімділік туралы келісім сондай-ақ филиппин әскерлеріне Жапонияға да әскери дайындық үшін кіруге мүмкіндік береді. Келісімге Филиппиннің қорғаныс министрі Хильберто Теодоро мен Жапонияның сыртқы істер министрі Йоко Камикава Манилада өткен жиында қол қойған. Келісім екі тараптың заң шығару органдары ратификациялаған соң күшіне енеді деп отыр.