Жапония елшілігі мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетті

Целиноград ауданында «Батыр» қоғамдық бірлестігі «Инватакси» әлеуметтік жобасын аяқтау рәсімін өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тұсаукесерге Жапония өкілетті елшісі Джун Ямада, атташе Томоя Екоэ және "Корни травы" бағдарламасының үйлестірушісі Ютаро Икеноуэ келді. Сондай-ақ, шараға Ақмола облысы мен Целиноград ауданы әкімдігінің өкілдері де қатысты.

Салтанатты рәсімнен кейін қонақтар «Батыр» ҚБ оңалту орталығына барып, орталықтың жұмысымен танысты. Елші оңалту орталығы жұмысының сапасын жоғары бағалады. Әрі жас балаларға көмек көрсеткен барша қызметкерлерге ерекше алғысын жеткізді. Айта кету керек елші қазақ тілін жетік меңгерген.

Кездесу барысында мүгедек жандарға қолдау турасындағы мәселелер талқыланды. Ресми шарадан кейін жапония елшілігінің делегациясы «Алжир» музейінің мемориалдық кешеніне барып, музей тарихымен танысты.

«Корни Травы» бағдарламасы аясында бұл жобаны Жапония елшілігі қаржыландырды.

Еске салсақ «Инватакси» жобасы былтырдан бастап қолға алынды. Жоба негізінен мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік маңызы бар мекемелерге, оңалту орталықтарына тасымалдау үшін арналған. Жоба аясында Ақмола облысына қарасты Ақмол ауданындағы оңалту орталығына 1- автобустық көлік табысталды. Қызметтік көлік Ақмола ауданы бойынша он сегіз өңірден бала тасымалдайды. Бүгінде өңірдегі 150 ден мүмкіндігі шектеулі  бала осы көлікпен қатынайды.

Инвотакси» жобасын іске асыру бізге мүгедек балалардың және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының тіршілік әрекетінің қазіргі шектеулерін жеңуге мүмкіндік берді, мүгедек балалардың қоғамға кірігу көрсеткішін арттырды, балаларды әлеуметтік қорғау дәрежесін арттырды, ұйымымыздың материалдық-техникалық бөлігін нығайтты, мүгедек балалардың әлеуетті қабілеттері мен мүмкіндіктерін іске асыру бойынша жағдай жасады-, деп атап өтті қоғамдық бірлестік басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы