Жапония билігі Токио Олимпиадасындағы көрермендер қауіпсіздігін күшейтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапония билігі коронавирус індетінің таралуына байланысты Олимпиада кезінде көрермендердің қауіпсіздігін күшейтеді.

Сондай-ақ, киберқауіпсіздікке де ерекше көңіл бөлінеді.  Бұл туралы Жапония премьер-министрі Ёсихидэ Суга мәлімдеді.

Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарында адамзаттың коронавирус індетін жеңгеніне куә боламыз. Сондай-ақ, бұл ойындар бар әлемге Шығыс Жапониядағы ұлы жер сілкісінен зардап шеккен аймақтардың қайта бой көтергенін паш етеді, - дейді премьер-министр. 

 

Сондай-ақ, Суга жарысқа қатысушылар мен көрермендердің вирус жұқтыру қаупін азайту үшін қатаң шаралар дайындалып жатқанын айтты.   

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы