Жапония әлемдегі ең ірі АЭС-ті қайта іске қосады

Жапония билігі Касивазаки-Карива атом электр станциясының жұмысын қайта бастау туралы шешім қабылдады. Бұл станция Фукусима апатынан кейін он жылдан астам уақыт бойы тоқтап тұрған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ CNN-ге сілтеме жасап.

Tokyo Electric Power Company (TEPCO) №6 реакторды 2026 жылдың 20 қаңтарында қайта іске қосуды жоспарлап отыр. Жергілікті тұрғындардың көпшілігі қауіпсіздікке алаңдап отыр, бірақ компания станцияның жаңартылған қауіпсіздік жүйелері, су өткізбейтін есіктер мен мобильді генераторлар төтенше жағдайларға дайын екенін мәлімдеді.

Фукусима апатынан кейін Жапония барлық атом реакторларын уақытша жабып, ел электр энергиясының көп бөлігін қымбат импортталған қазба отындарына тәуелді еткен. TEPCO алдағы жылдары ядролық энергетиканың үлесін 20%-ға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: The Asahi Shimbun / Getty Images
Өзгелердің жаңалығы