Жапония әлемдегі ең ірі АЭС-ті қайта іске қосады

Жапония Ниигата префектурасындағы Кашивазаки-Карива атом электр станциясын қайта іске қосуға дайындықты жалғастыруда. Бұл станция 2011 жылғы Фукусима апатынан кейін алғаш рет жұмысқа қосылуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Ниигата аймағының губернаторы Хидэё Ханазуми №6 реакторды қайта іске қосуға рұқсат бергенін мәлімдеді. Жоспарға сәйкес, №7 реактор да кейін қосылады. Дегенмен, станцияның жұмысын толық қалпына келтіру үшін префектуралық әкімшілік пен Жапонияның ядролық реттеуші органы мақұлдауы қажет.

Тұрғындардың пікірінше, АЭС-тің қайта іске қосылуы екіұдай бағаланып отыр: соңғы сауалнамаға сәйкес, халықтың 50%-ы қолдаса, 47%-ы қарсы. Сонымен қатар, тұрғындардың шамамен 70%-ы TEPCO компаниясының атом станциясын басқару сапасына алаңдаушылық білдірген.

Кашивазаки-Карива АЭС-ін қайта іске қосу TEPCO компаниясының Фукусима апатынан кейін бизнесті қалпына келтіру жоспарының бір бөлігі болып табылады. Станциядағы апат салдарынан 150 мың адам эвакуацияланған, және TEPCO зардап шеккендерге өтемақы төлеуге, сондай-ақ нысанды пайдаланудан шығару шығындарын жабуға міндеттелген.

Жапония атом энергиясын қайта белсенді пайдалануды қарастырады, бұл елдің қазба отынына тәуелділігін азайту және көміртегі шығарындыларын төмендету мақсатымен байланысты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: REUTERS/Kyodo
Өзгелердің жаңалығы