Жапония 6G жүйесін жасауды қолға алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлем мемлекеттері әупірімдеп жүріп 5G жүйесіне өтуге тырысып жүрсе, Жапония билігі телекоммуникация жүйесінің алтыншы сатысына арналған жоспарын жариялады, деп жазады Massaget.kz.
Жапония 2030 жылы толыққанды 6G орнатып, инфрақұрылымдарды ретке келтірмек. Ел билігі бұл жобаны Ішкі істер және байланыс министрлігі мен Токио университетінің сарапшылар тобына сеніп тапсырды. Сондай-ақ жобаға Жапонияның телекоммуникациялық корпорациясы Nippon Telegraph and Telephone және Toshiba компаниясы атсалысады.Жапония телекоммуникация жүйесінің алтыншы сатысына өту арқылы, адамзат өркениетінде "жаңа қоғамның" құрылуына сеп болатынына сенімді. Мамандардың пікірінше, 6G ақпарат тарату жылдамдығы 5G-ге қарағанда кем дегенде 10 есеге жылдам болады. Жаңа жүйені зерттеу үшін Жапония билігі 2,03 миллиард доллар бөлген.
Бұған дейін Америка Құрама Штаттарының президені Дональд Трамп та тез арада 6G жүйесіне өту керегін мәлімдеді.
Жақын болашақта АҚШ 5G, тіпті 6G жүйесінің пайда болғанын қалаймын. Олар қазіргісіне қарағанда жылдам әрі қуаттырақ. Америкалық компаниялар көбірек ізденулері қажет. Әйтпесе олар әлемнен қалып қояды, – деп жазды Дональд Трамп Twitter-парақшасында.
5G жүйесіне әлем елдерінің ішінен алғаш Оңтүстік Корея өткен болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жолды жауып қалды
Өзгелердің жаңалығы