Жапония 130 мыңнан астам адамды қауіпсіз аймаққа көшіруді жоспарлап отыр

Жапонияның Хонсю аралының батысындағы Исикава префектурасында толассыз жауған жаңбыр салдарынан жеті қала мен елдімекендерде тұратын 131,4 мың адам эвакуацияланбақ, деп хабарлайды BAQ.KZ Аlmaty.tv-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы жапониялық NHK телеарнасы хабарлады.

Аймақта толассыз жауған жауын салдарынан бір адам қаза тауып, алты адам із-түзсіз жоғалып кетті, - деп жазылған хабарламада.

Ауданнан өзен тасқыны мен көшкін туралы хабарламалар әлі де түсіп жатыр. Префектурада кем дегенде 6 мың үйде электр жарығы өшіп қалған. Ұялы байланыс үзіліп жатыр.

Билік жаңбыр салдарынан көптеген үйді су басып, лай көшкінінен бірнеше ғимараттың қирағанын айтты.

Соңғы 24 сағат ішінде кейбір апатты аймақтарда 360 мм-ден астам жауын жауған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы