Жапондық пойызда 10 адамды пышақпен жарақаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияда пойыз вагонында ер адам жолаушыларға пышақпен шабуыл жасап, 10 адам жарақаттанды.

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Жұма күні кешке Odakyu пойыз желісінен вагондардың бірінде ер адам пышақпен қорқытып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Ол он адамды жарақаттаған. Зардап шеккендер арасында университет студенті де бар. Қаскөй оның арқасынан жеті рет пышақпен ұрған. Қазір оның жағдайы ауыр деп бағалануда. Қалған адамдардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. 

Шабуыл жасағаннан кейін 1,5 сағаттан соң ер адам қылмыс орнынан 5 шақырым жердегі тәулік бойы жұмыс істейтін дүкенге барып, иесіне өзінің «бүгінгі жаңалықтарда хабарлаған қылмыскер» екенін, жасырынып шаршағанын айтқан.

Салдарынан полиция 36 жастағы жұмыссыз ер адамды тұтқындады. 

Ер адамның сөзінше, ол «кез келген бақытты әйелді көрсе, кім болса да, өлтіргісі келген екен».

Сонымен қатар ол қалалық теміржол пойызының вагонын бекерден-бекер таңдамағанын айтты.

Пойызда адамдар ешқайда қаша алмайды, сөйтіп көп адамды өлтірем деп ойладым, - деді қылмыскер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы