Жапон ғалымдары жасанды қан жасап шығарды

Алматы, BAQ.KZ. Жапониядағы ұлттық қорғаныс медициналық колледжінің бір топ ғалымдары ешқандай аллергиялық реакция бермейтін жасанды қан жасап шығарды. Бұл туралы regnum.ru хабарлады.

Ғалымдар жасап шығарған бұл қанды кез келген адамға қандай қан тобына жататынына қарамастан құюға болады екен. Алғашқы сынақтар жедел қан құюды қажет еткен қояндарға жасалыпты. Нәтижесінде осы технологияның арқасында он қоянның алтауын аман алып қалған. Тағы бір топ қоянға әдеттегі қанды құйған. Зерттеулер екі топтың да нәтижесі бірдей болғанын анықтаған.

Ғалымдар жасанды қанды ендігі кезекте адамдарға сынап көрмек, алайда жаңа өнертабысқа қазірден үлкен баға беріліп жатыр. Жасанды қанның басты артықшылығы ол қалыпты температуралық жағдайда өз сапасын бір жылға дейін жоғалтпайды.

Сондай-ақ, жасанды қанды пайдалану кезінде дәрігерлер ешқандай теріс әсерді байқамаған. Мамандар бұл жаңалық егер медицинаға енгізілетін болса көп қан жоғалтқан мыңдаған адамды құтқаруға болады деген ойда.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы