Садыр Жапаровтың кортежі жол апатына түсіп, 1 қызметкер қаза болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Садыр Жапаровтың кортежіндегі көліктердің бірімен болған жол апатынан бес адам зардап шегіп, біреуі қайтыс болды. 

Бұл туралы 24.kg денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Зардап шеккен үш адам мен қайтыс болған бір адам мемлекет басшысының кортежіне ілесіп жүретін көлігінде болған. Тағы екеуі - басқа көлікте отырған. Олардың барлығы Ананьево ауылының аумақтық ауруханасына жатқызылды.

Еске салсақ, бүгін Президент Садыр Жапаров Ыстықкөл облысына сапары барысында оның кортежіндегі машиналарының қатысуымен жол апаты орын алды.

Белгілі болғандай, Ананьево ауылының жанындағы автожол учаскесінде Президент кортежіне ілесіп жүретін адамдарға бекітілген автомобильге қарсы жолаққа шығып кеткен жеңіл автокөлік соқтығысқан.

Алдын ала ақпарат бойынша, көліктің қарсы жолағына шыққан жүргізуші мас күйінде болған. Апат салдарынан ҰҚК қызметкері қаза тапты.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы