Бүгiн 2026, 16:05 Фото: ©BAQ.KZ

Жапаров қол қойды: Үш жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы төленеді

Ел президенті тиісті жарлыққа қол қойған.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров үш жасқа дейінгі балаларға жаңа мемлекеттік ай сайынғы жәрдемақы енгізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kg-ге сілтеме жасап.

 Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жаңа ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы «Бала ырысы» деп аталады. Төлемдер 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап беріле бастайды. Жәрдемақы мөлшері 1 мың 200 сом болады.

Айта кету керек, бұл жәрдемақы отбасының табыс деңгейіне қарамастан үш жасқа дейінгі әр балаға төленеді.

Мемлекеттік жәрдемақылар жүйесіне қатысты түсіп жатқан шағымдарды көріп отырмын. Көп жағдайда оны алу жолы еңсеруі қиын кедергілерге айналып кетеді. Көптеген аналардың шынайы мұқтаждығы назардан тыс қалып жатады. Отбасылар мемлекеттен көмек сұрап жүгінеді, бірақ қолдау орнына бас тартуға және шексіз бюрократиялық рәсімдерге тап болады. Әсіресе әңгіме емшектегі балалар туралы болғанда мұндай жағдайға жол беруге болмайды. Өмірдің алғашқы жылдарында адамның бүкіл өміріне әсер ететін ең маңызды дене және ақыл-ой қабілеттері қалыптасады, – деді Садыр Жапаров.

Ұлттық статистика комитетінің дерегінше, Қырғызстанда үш жасқа дейінгі шамамен 445 мың бала бар.

Еске салайық, Қазақстанда жәрдемақы 1,5 жасқа дейінгі балаларға  төленеді.