Жапаров қызметін премьер-министрге береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәліметтері бойынша 10 қаңтарда өткен кезектен тыс президент сайлауында Садыр Жапаров басып озды.
Садыр Жапаров инаугурациядан кейін премьер-министр өкілеттігін ресми түрде тапсырады. Бұл туралы журналистерге үкімет аппаратын ақпараттық қамту бөлімінің меңгерушісі Бақтыбек Рысалиев хабарлады.
Оның сөзінше, Садыр Жапаров енді министрлер кабинетінің басшысы қызметін атқармайды.
ОСК сайлау нәтижелерін жариялағаннан кейін инаугурация өтеді. Жапаров премьер-министр өкілеттігін ресми түрде тапсырады. Бұған дейін Артем Новиков үкімет басшысы қызметінің міндетін атқарады, - деп атап өтті Рысалиев.Еске салсақ, кеше Қырғызстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы өтті. Алдын ала мәлімет бойынша 79,2% дауыс жинап, Садыр Жапаров сайлауда жеңіске жетті. Ол екі-үш жылда Қырғызстанды дағдарыстан шығаратынын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты сайлаудағы жеңісімен құттықтап, дауыс беру нәтижесі ол ұсынған Қырғызстанның әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз ету және мемлекеттілігін одан әрі нығайту бағдарламасы бүкілхалықтық қолдауға ие болғанының куәсі екенін атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ниязов: Мемлекеттік қызметкерде - мемлекеттік сана болу керек
Өзгелердің жаңалығы