Жануарлардың аса қауіпті ауруларын алдын алу шаралары күшейтілді
Павлодар облысында биыл жануарлар арасында кездесетін аса қауіпті ауруларды алдын алу мақсатындағы шаралар күшейтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
Облыстық ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асылтас Тілеубаевтің айтуынша, өңірде профлактикалық шаралар жоспары бойынша аса қауіпті деген 12 ауруға қатысты екпе салу жұмыстары жүргізіледі.
Атап айтқанда, құтыру, аусыл, пастереллез, сібір жарасы, эмкар, ринопневмония, лептоспироз, нодулярлық дерматит, инфекциялық ринотрахеит сияқты мал дерттерімен күресеміз. Бүгінгі таңда 8 миллионнан астам манипуляция жоспарланған. Қазіргі уақытта қорымызда 4,4 млн ветеринарлық препарат бар. Үй жануарлары арасында қолайсыз пункттер кездесіп жатады. Мәселен, облыс бойынша сегіз ошақ тіркелген. Нақтырақ айтқанда, Екібастұз қаласының ауылдық аймағында эпизоотикалық лимфангит және Баянауыл ауданында бруцеллез ошақтары бар. Осы күнге дейін сауықтыру шаралары аяқталды. Шектеулер алынып тасталды. Сібір жарасы тіркелген ауылдарда да жұмыстар ақтарылды. Қауіпті ошақтар қоршалып, жағдай жіті бақылауымызда. Облыстың ауылдық жерлеріндегі 131 қолайсыз пункт бойынша мониторинг тұрақты жүргізіледі, - дейді Асылтас Тілеубаев.
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңнамасын орындау бойынша облыста тиісті шаралар қолға алынды. Облыс орталығында 300 ит-мысыққа арналған уақытша ұстау орталығы жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда пункте 220-ден астам ит бар. Осы уақытқа дейін 100-ге жуық төрт аяқты вакциналау және зарарсыздандырудан өтті. Сонымен қатар, облыс бойынша 3500 ит мен мысыққа чип салынып, мәліметтер «Таңба» базасына енгізілді.