Бүгiн 2026, 15:14 Фото: видеодан скриншот

Жантүршігерлік жол апаты: Астанада эвакуатор аялдаманың күл-талқанын шығарды

Эвакуатор жүргізушісі рөлді басқара алмай, жолдан шығып, автобус аялдамасын қиратқанын кейін жаяу жүргіншілер жолағына ұшып кеткен.

Астананың Нұра ауданында ірі жол-көлік оқиғасы болды. 

Әлеуметтік желіде тараған видеодан эвакуатордың жолдан шығып кетіп, автобус аялдамасын қиратқанын кейін жаяу жүргіншілер жолағына шығып кеткенін көруге болады. 

Соққының қатты болғаны соншалық - аялдаманың бір бөлігінің күл-талқаны шыққан. Тіпті жаяу жүргінші өту деген суреті бар жол белгісі де сынықтардың арасында жатқаны көрінеді. 

Зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге белгісіз.

Оқиға куәгерлері оқиға орнынан видеолар жариялап жатыр.

Ағымдағы жылдың 4 мамырында эвакуатор жүргізушісі Айтматов көшесімен келе жатып, рульге ие бола алмай, аялдама павильоны мен басқа да инфрақұрылым нысандарына соғылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ол келтірілген шығынды өтейтін болады, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.