Кеше 2026, 20:05 Фото: видеодан скриншот

Жантүршігерлік жол апаты: Ақтөбе облысында 5 адам қаза тапты

«ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы көз жұмды.

Ақтөбе облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылы маңында «ВАЗ» және «DAF» автокөліктері соқтығысты. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Байғанин аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Аталған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Полиция жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтауды және жолдағы қауіпсіздік шараларын ұстануды ескертеді, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыда автобус пен бес көлік соқтығысты