Жансая Әбдімәлік әлем чемпионымен тең түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Лозаннада (Швейцария) ФИДЕ әйелдер Гран-при сериясынан шахмат турнирі басталды.
Байқауға қазақ шахматшысы, халықаралық шебер Жансая Әбдімәлік қатысуда, деп хабарлайды Prosports.kz.
1-раундта қазақстандық шахматшы қазіргі әлем чемпионы қытайлық Цзюй Вэньцзюньге қарсы ақ тастармен ойнады. Партияда жеңімпаз анықталмай, қарсыластар тең тарқасты.
Келесі ойында Жансая Абдумалик грузин гроссмейстері Нана Дзагнидземен кездеседі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сейсенбіде Ақтөбе мен Шымкентте ауа сапасы нашарлайды
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы