Жансая Әбдумәлік Үндістанда қола медаль иеленді

Қазақстандық шахматшы қыз Жансая Әбдумәлік Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының қола медалін жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үндістанда өткен тартысты бәсекенің жеңімпазы атанғанын шахматшы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Біз ең күшті құраммен ойнамасақ та, қыздар лайықты өнер көрсетті. Бұл әзірге олимпиададағы әйелдер құрамасының ең үздік нәтижесі. Олимпиаданың қорытындысы бойынша біз командалық әлем чемпионатына іріктелдік. Ол жақта бұдан да мықты ойнайтынымызға сенімдімін, - деп жазды Жансая Әбдумәлік әлеуметтік желідегі парақшасына. 

Әйелдер құрамасының олимпиадағы нәтижесі:  

  • Жансая Абдумәлік (22 жас) — бірінші тақта, 3-орын,
  • Бибісара Асаубаева (18 жас) — екінші тақта, 4-орын,
  • Ксения Балабаева (17 жас) — үшінші тақта, 16-орын,
  • Гулісхан Нахбаева (31 жас) — төртінші тақта, 11-орын,
  • Назерке Нұрғали (18 жас) — бесінші тақта, 8-ден кем ойын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы