Кеше 2026, 23:17 Фото: istockphoto.com

Жансақтау бөлімінде жатыр: Ақтауда әйел төртінші қабаттан құлап кеткен

Маңғыстау облысының полиция департаменті зардап шеккен адамның жеке басы анықталғанын хабарлады.

Ақтау қаласында көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлаған әйел ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 16 наурыз күні шамамен сағат 16:00-де 28-шағын аудандағы №35 үйде болған. Төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен 34 жастағы жергілікті тұрғын құлап түскен.

Маңғыстау облысының полиция департаменті зардап шеккен адамның жеке басы анықталғанын хабарлады. Оқиға кезінде пәтерде басқа ешкім болмаған.

Әйел құлағаннан кейін Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, оған біріктірілген жарақат, травматикалық шок, екі жақты гемопневмоторакс және жамбас сүйегінің ашық сынуы диагнозы қойылған.

Қазіргі уақытта науқас жансақтау бөлімінде жатыр және жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр.

Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.