Бүгiн 2026, 12:42 Фото: «Жалобы Астана» телеграм-арнасы/видеодан алынған кадр

Жансақтау бөлімінде: Қосалқы электр станциясына шығып кеткен ер адамды тоқ соқты

Зардап шеккен азамат ауыр халде медициналық мекемеге жеткізіліп, жансақтау бөлімінде емделуде.

12 ақпан күні Ақмола облысының Жібек жолы кентінде психикалық ауытқуы бар ер адам комплектілі трансформаторлық қосалқы станцияға (КТП) шығып, электр тоғының соққысын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Жалобы Астана» телеграм-арнасының мәліметінше, зардап шеккен азамат ауыр халде медициналық мекемеге жеткізіліп, жансақтау бөлімінде емделуде. Оқиға салдарынан кенттің бір микрорайонында уақытша электр жарығы өшкен.

Ақмола облысы Полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді. 

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр, тергеу амалдары жалғасуда, - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Бұл оқиға электр қауіпсіздігі мәселесінің маңыздылығын тағы бір рет көрсетті және тұрғындарды трансформаторлық нысандарға жақындамауға шақырады.