Жанқош Тұраров Нұр-Сұлтанда жекпе-жек өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығатын тағы бір боксшының есімі белгілі болды, деп хабарлайды  Vesti.kz.

Елордадағы жекпе-жек кешінде қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров өнер көрсететін болды.

Бұл отандасымыздың кәсіпқой бокстағы 25-айқасы болады. Бұған дейін Тұраров 24 кездесуде де жеңіске жеткен. Ал 17 жекпе-жекте қарсыласын нокаутқа түсірген.

Жанқоштың қарсыласы кім болатыны алдағы уақытта анықталады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы