Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен алтын еншіледі
Қазақстандық Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италияның Линьяно қаласында өткен WTT Youth Contender Lignano 2024 халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық Олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жәния 11 жасқа дейінгі санатта үздік атанды.
Спортшы Лола Уриа (Испания), жарыс қожайындары Серена Россати және Эмили Кожакару, Джулия Фернандес (Испания), Бьянка Тома (Румыния) сынды қарсыластарын 3:0 есебімен, ал Аялгуу Эрденехуягты (Моңғолия) 3:2 есебімен жеңді.
Айта кетейік, бұған дейін осы турнирде Жәния 13 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста үшінші орынды иеленген еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Полицейлер боранда қалған 600-ге жуық көлікке көмектесті
Келесі жаңалық
Жібек Құламбаева – Португалиядағы жарыстың жеңімпазы
Өзгелердің жаңалығы