Жәнібек Әлімханұлының рингке қашан оралатыны белгілі болды

WBO және IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) ESNews арнасына берген сұхбатында жаздың ортасында Лас-Вегаста рингке шығуды жоспарлап отырғанын растады.

Бұған дейін америкалық инсайдерлер «Қазақ стайлдың» жаңа жекпе-жегі жаңазеландиялық міндетті қарсылас Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) болатынын жазған.

Телеарнаға сұхбатында Жәнібек қарсыласының атын атамай, жекпе-жек өтетін күнді ғана жариялады.

13 шілде күні Лас-Вегастағы Palm Casino Resort кешенінде өтеді, — деді Жәнібек Әлімханұлы.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлының соңғы айқасы өткен жылдың қазан айында болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly
Өзгелердің жаңалығы