Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауы қашан шешілетіні белгілі болды

Қазақстандық боксшы, әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі бойынша соңғы шешім қашан жарияланатыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбековтің мәліметінше, тәртіптік тыңдау 19 қаңтарға белгіленген. Дәл осы отырыста 8 қаңтарда ашылған допинг-пробаның B үлгісінің талдау нәтижелері ресми түрде жарияланады.

ҚКБФ өкілдері аталған зәр сынамасының ресми қорытындысы алынғанға дейін Жәнібек Әлімханұлы кінәсіз деп саналатынын және WBO мен IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы мәртебесін сақтап қалатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ істі қарау белгіленген тәртіп пен ережелерге сай жүргізілуі тиіс екені атап өтілді.

Еске салайық, 2025 жылдың желтоқсан айының басында, WBA чемпионы Эрисланди Ларамен үш титул үшін өтетін жекпе-жек қарсаңында қазақстандық чемпионның зәр сынамасынан антидопинг кодексімен тыйым салынған мельдоний заты табылғаны белгілі болған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы