Жәнібек Әлімханұлына «Канеломен» айқасуға ұсыныс түсті

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (12-0, 8 КО) титулдық перспективалары туралы америкалық журналист Аурелио Морено өзінің Youtube-арнасында айтты, деп хабарлады BAQ.KZ.

Журналистің мәлімдеуінше, егер Жәнібек Әлімханұлы шын мәнінде лайықты жекпе-жекке шыққысы келсе, 168 фунт дәрежесіне көтерілуге мәжбүр. Өйткені дәл қазір 160 фунтта сес көрсетерлік қарсылас жоқ.

Головкин мен Чарло бар, бірақ екеуі де Әлімханұлына қарсы бақ сынасқысы келмейді. Кім біледі, бәлкім,  қазақстандық спортшы Бентлимен жекпе-жектен кейін Андраде, Бенавидес, Моррель, «Канеломен» күресу үшін супер орта салмаққа көтеріледі. Бұлар бокс аренасындағы беделді тұлғалар және олармен жекпе-жекке шығу 160 фунт салмақта айқасуға қарағанда қомақты қаржы әкеледі. Сондықтан Әлімханұлына 160-та ғана емес, 168 фунтта шығуға кеңес берер едім, - дейді Морено.

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Жәнібек Әлімханұлы – WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы