Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектен соң мәлімдеме жасады

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) канадалық Стивен Батлерді (32-4-1, 26 КО) жеңгеннен кейін көпшілікке мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еске салайық, 12 раундқа есептелген кездесу екінші раунда аяқталды. Жәнібек қарсыласын екі рет нокдаунға, кейін нокаутқа жіберді.

Осылайша қазақстандық WBO чемпионы атағын екінші рет қорғап қалды. Ал Стивен Батлер үшін бұл карьерасындағы 4-жеңіліс.

Чемпиондар мен супержұлдыздар қайдасыңдар? Мен сендерге бара жатырмын. Жекпе-жекке шығайық. Мен орта салмақтың королімін, келесі кім?! Кез келген күні шығамын, тіпті ертең шығамын десеңдер де әзірмін. Кез келген салмақтағы кез келген қарсыласпен жұдырықтасуға дайынмын, - деді Жәнібек Әлімханұлы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: twitter/qazaqstyle
Өзгелердің жаңалығы