Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне уәде берді

Қазақ боксшысы, WBO/IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жаңа зеландиялық қарсыласы Андрей Михайловичке қарсы өтетін жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады. Бұл туралы Sports.kz. жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек алдында маңызды жаңалығымен бөлісті. Былғары қолғап шеберлерінің текетіресі 13 шілдеде (Қазақстанда 14 шілде күні таңертең) Лас-Вегастағы Palms Casino Resort кешенінде өтеді.

Менен тек чемпиондардың қорыққанын қаламаймын. Рейтингтегі бірінші және екінші нөмірлер де менен қорыққанын қалаймын. 13 шілдеде жыл нокаутын көрсетемін, — деп жазды жаттығу барысынан.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Sports.kz
Өзгелердің жаңалығы