Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегінің уақытын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңілісті білмейтін орта салмақтағы Қазақстан чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) рингке қай уақытта шығатыны туралы айтты.
Қараша, - деп қысқа ғана жазды боксшы Twitter парақшасында.Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы кейінгі жекпе -жегін 26 маусымда Лас -Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткізді. 28 жастағы қазақстандық сегізінші раундтың соңында жекпе-жекті жалғастыруды бас тартқан америкалық Роб Брунтты (26-3, 18 КО) мерзімінен бұрын жеңді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Вашингтонда атыс болып, үш адам қаза тапты
Өзгелердің жаңалығы