Жәнібек Әлімханұлы екінші чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отандасымыз IBF белбеуінің иегері Винченцо Гуальтьеримен күш сынасады. Әлімханұлы белбеуін осымен екінші рет қорғаса, ал Винченцо алғаш рет қорғамақ.

Құдай қаласа елге екі чемпиондық титулмен қайтамыз! Тағы да тарих жасаймыз!” – деп жазды Әлімханұлы желідегі парақшасында.

Жекпе-жек 14 қазанда АҚШ-тың Розенберг қаласында өтеді деп жоспарланған.

Жәнібек – Эскива Фалькао секілді әуесқой бокста көп жетістікке жеткен көрнекті боксшы. Әрі Фалькао секілді фаворит. Бірақ Жәнібек Фалькао сияқты жеңіліп қалады, өйткені менде ең жақсы команда және чемпионның рухы бар. Тек осы ғана кім жеңіп, кімнің ұтылатынын шешеді, – деп жазды Винченцо Гуальтьери.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly
Өзгелердің жаңалығы