Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атағын қорғауға аттанды
Орта салмақта WBO чемпиондық атағына ие отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) чемпиондық атағын қорғау үшін АҚШ-қа аттанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы боксшының PR-менеджері Берік Сұлтан мәлімдеді.
Ал, ағайын чемпиондық титулды қорғау үшін Америкаға ұшып барамыз! Ет жеп салмақ қосып ( ), күш-қуат жинап алдық! Бұйыртса, Көк ту желбіреген күнде жолығайық!, - деп жазды ол.
Айта кетейік, осыған дейін WBO ұйымы Жәнібекті британдық боксшы Лиам Смитпен (33-3-1, 20 КО) жұдырықтасуға міндеттеген еді. Қос тарап 20 күн ішінде келісімге келуіне уақыт берген. Егер белгіленген мерзімде келісімге қол жеткізілмесе, комитет WBO тұжырымының әлем чемпионаттары ережелеріне сәйкес жекпе-жек құқығын сатуға кіріседі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан мен Оман арасында тікелей рейс ашылады
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы