Жәнібек Әлімханұлы Андрей Михайловичті нокаутқа түсірді

Сиднейде өткен кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) жаңа зеландиялық Андрей Михайловичті 9-раундта нокаутпен жеңді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған еді. Бірақ Жәнібек кездесудің басынан бастап қарқынды үдете түсті. Сөйтіп қарсыласын 2-раундта нокдаунға түсірсе, 9-раундта техникалық нокаутқа жіберді.

Осылайша Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой мансабындағы 16-жеңісіне қол жеткізіп, IBF және WBO белбеулерін сәтті қорғады. Ал Андрей Михайлович кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңілісіне ұшырады.

Жәнібек Әлімханұлы Андрей Михайловичпен негізі 14 шілдеде кездесуі тиіс болған. Бірақ "QAZAQ Style" салмақ қуам деп, ауруханадан бір-ақ шықты. Сөйтіп жекпе-жек тек бүгін өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly
Өзгелердің жаңалығы